USD
USD
USD

Жетісу облысында жеңіл көлік пен КамАз соқтығысып, үш адам қаза тапты

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Жетісуда бірқатар жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында жеңіл көлік пен КамАз соқтығысып, үш адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелді.

"Елдімекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі, рөлге ие бола алмай, көпірден аударылған. Жол апатынан екі адам зардап шекті. Сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолының 361-ші шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар".Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Одан бөлек тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттарымен жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе