USD
USD
USD

Жетісу облысында зейнет жасындағы ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бұл факт Кербұлақ ауданында тіркелді, 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады Полиция. 

Жетісу облысында зейнет жасындағы ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

«Ұсталған азамат жәбірленушінің туған әкесі болып келеді. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған», - деп хабарлады Кербұлақ аудандық полициясы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала