USD
USD
USD

Жетісу облысында трактор жүк пойызымен соқтығысты

Оқиға Қаратал ауданы, Қанабек ауылындағы темір жол өткелінде болды.

Жетісу облысында трактор жүк пойызымен соқтығысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 41 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал екінші жарақат алған 18 жастағы жасөспірім медициналық тексеруден өтіп жатыр. Екеуі де трактордың ішінде болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті