USD
USD
USD

«Жетісу облысында өз шәкіртін зорлады деген күдікпен мұғалімі ұсталды»

Жетісу облысындағы таулы ауданда баланы зорлады деген күдікті азамат ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

«Жетісу облысында өз шәкіртін зорлады деген күдікпен мұғалімі ұсталды»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «9 қарашада Жетісу облысының таулы аймағында шекарашылар кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасады деген күдікпен облыс тұрғынын ұстады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жетісу облысы, Сарқанд ауданында математика пәнінің мұғалімі өз шәкіртін зорлады деген күдікке ілініп, екі күннен бері іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Одан бөлек, ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі болып шыққан.

Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен қонақүй әкімшісі келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен қылмыскер қашып үлгерген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар