USD
USD
USD

Жетісу облысында оқушы мұғаліммен жаға ұстасып қалды

  Прокуратура Жетісу облысында оқушының мұғаліммен төбелескенін растады.

Жетісу облысында оқушы мұғаліммен жаға ұстасып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал, оқиға Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласының Фрунзе атындағы мектебінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сабақ арасындағы ұзақ үзіліс кезінде мұғалім мен оқушы арасында кикілжің туындаған. Ұстаз оқушыға ескерту жасаған, ал бұл жайт балаға ұнамаған көрінеді. Мұғалім аурухананың көмегіне жүгінбеген, полицияға арыз жазудан бас тартқан. Ауданның прокуратурасы барып, мектепте профилактикалық жұмыс жүргізді. Ал, оқушының ата-анасы баласын басқа аудандағы мектепке ауыстыру жөнінде шешімге келді. Жауапты мекемелер оқиғаны қадағалауға алды», - делінген Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, мұғалімге жұдырық ала жүгірген оқушы 8-сыныпта оқиды. Ал, оқиға 14 сәуірде болған.

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша