USD
USD
USD

Жетісу облысында мейрамханаға тойға келген 20 қонақ уланып қалды

Жетісу облысы Қабанбай ауылында тойға барған 20 адам уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысында мейрамханаға тойға келген 20 қонақ уланып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 28 тамыз күні Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық ауруханадан хабар түскен.

Онда «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған 20 адам ауруханаға түскені айтылған.

«Алакөл орталық аудандық ауруханасында зардап шеккен бар адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның11-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалған 9-ы ауруханаға жатудан бас тартты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты»,- деп хабарлады департаментен.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталды.

«Тергеу барысында эпидемиологиялық анамнезге сәйкес бұл жағдай 27 тамызда Қабанбай ауылының «Шағала» мейрамханасында өткен үйлену тойында дайын тағамдарды тұтынумен байланысты екені анықталды. Облыстық және аудандық мүдделі органдарға хат жолданды», - деп атап өтті Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев тағы да КТК арнасынан дивиденд алмайтын болды

Назарбаев

Павлодар облысында көлдер мен су қорғау аймақтарын жекеменшікке заңсыз бермек болған

Көл

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск

Астанада шетел азаматтарына ЖСН елге келмей тұрып заңсыз рәсімделген

Жеке куәлік