USD
USD
USD

Жетісу облысында мас күйде автокөлік ұрлап кеткен тұрғын ұсталды

Жетісу облысында масаң күйде автокөлік ұрлап кеткен тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жетісу облысында мас күйде автокөлік ұрлап кеткен тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Аталған дерек Кербұлақ ауданында тіркелді. Онда Арқарлы асуының маңында 1 мамыр күні Toyota Land Cruser Prado автокөлігінің қатысуымен ЖКО болды. Автокөлікті Қоғалы ауылының 38 жастағы тұрғыны мас күйінде жүргізген.

Жол апатының мән-жайын анықтаған кезде полицейлер ер адамның автокөлікті өзінің жұмыс берушісінен ұрлап кеткендігін анықтады.

– Көлік сол жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағынан ұрланған, онда ер адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істеген. Автокөлік ферма иесіне тиесілі. Тас жолға шыққан кезде күдікті мас күйде ұрланған көлікпен апатқа ұшыраған. Қазір ер адамды қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр, – деп хабарлады Кербұлақ ауданының полициясы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 200-бабына (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) және 345-1-бабына (Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG