Жетісу облысында мас көршісі соққыға жыққан әйел ауруханада көз жұмды
Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан. Қатты соққы салдарынан жәбірленуші әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне ер адам қамауға алынды. Бұл факт Қаратал ауданында тіркелді 19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Алған ауыр жарақаттардың салдарынан әйелді құтқару мүмкін болмаған. Ол келесі күні ес жимастан көз жұмды.
Полицейлер күйеуге шықпаған әйел қарт анасымен бірге тұрғанын және қатты соққы салдарынан өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын алғанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады. Ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді.
Қылмыстың себебі – екеуінің арасындағы жағымсыз қарым-қатынас. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан. Қазір ұсталған адам қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады