USD
USD
USD

Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген балықты аулаған браконьерге қатысты сот үкімі шықты

Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген балықты аулаған браконьерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген балықты аулаған браконьерге қатысты сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жылдың қыркүйек айында Үштөбе қаласының маңындағы тас жолда полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адам басқарған BMW X5 көлігін тоқтатты. Көлік салонынан заңсыз ауланған балық табылды. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген болып шықты.

– Сараптама тәркіленген заттың бекіре тұқымдас балық екенін растады. Ер адам облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Шығын шамамен 3 млн теңгені құрады. Тергеу материалдары аудандық сотта қаралды, – деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының басшысы Бағлан Рымжанов.

Қаратал аудандық сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан шектелді.

Сондай-ақ сотталған ер адам 3 млн теңгеден астам сомаға материалдық залалды және сот шығындарын төлейді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова