USD
USD
USD

Жетісу облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

Жетісу облысының прокуратурасы жүргізген талдау аясында бюджетке 34 млн теңгеден астам сомаға қате төленген салықтар Кәсіпкерлерге қайтарылды, деп хабарлады Бас прокуратура. 

Жетісу облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды.

Алайда IV санаттағы операторларға жататын 90 кәсіпкер жоғарыда аталған салықтарды төлеуді жалғастырған.

Прокуратура актісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер Департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге сомасында төленген салық төлемдерінің сомасын қайтарып берді, қалған 74 кәсіпкер бойынша сомалар міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді.  

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты