USD
USD
USD

Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 16 желтоқсанда сағат 07.40-та облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне Алакөл ауданы Достық-Үшарал тасжолының "Ырғайты" учаскесінде ауа райының қолайсыздығына, қарлы боран мен жол көрінбеуіне байланысты бірнеше көлік жолда қалып қойғаны хабарланған.

Сағат 15.30-да Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері 14 автокөлік салонынан үш техникамен 24 адамды құтқарып, Үшарал мен Достыққа жеткізілді.

"Осымен бірге сол күні таңертең Достық-Үшарал тасжолында 15 желтоқсанда кешке қар құрсауында қалған үш көліктен Достық-Үшарал тасжолында тұрып қалған 6 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың ешқайсы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын алыс сапарға шығарда ауа райы жағдайларымен танысып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.