USD
USD
USD

Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды

Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл дерек Алакөл ауданында тіркелді, онда жергілікті полиция қызметкерлері “Охотзоопром” инспекторларымен бірлесіп Жыланды ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның көлігінен құқық қорғау органдары екі еліктің тұтас етін тапты. Ұсталған адам жабайы жануарларды атуға қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады.

Осыған байланысты ол аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

– Жануарлардың тұтас еттері тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Факт бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабында (Заңсыз аңшылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – дейді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының басшысы Бағлан Рымжанов.

Жыл басынан бері облыста 606 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталып, тіркелген. Анықталған фактілер бойынша 28 қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала