USD
USD
USD

Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті

  Жетісу облысында қалың нөсер салдарынан өзен арнасынан тасып, жаңадан салынып жатқан жолдың екі көпірін шайып кетті.

Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «15 маусым күні жауын-шашынның көп түсуіне байланысты облыстық маңызы бар жол, Сарыөзек-Көктал, Шанханай ауылына кіреберіс жолдағы екі құбырлы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытта жол жабылды. Айналма жол бар» делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Өзен суы екі құбыр тәрізді көпірді шайып, жол бойында орналасқан төрт үйдің ауласына кірген. Зардап шекккендер жоқ. Төтенше жағдай департаментінен 7 адам және 1 техника, жергілікті атқарушы билік тарапынан оқиға салдарын жоюға кірісті. Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметінше айналма жол бар. Қозғалыс қалпына келтірілді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт