USD
USD
USD

Жетісу облысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылымға соғылды

Дерек 29 қаңтарда кешке Панфилов ауданында Toyota Corolla автокөлігінің қатысуымен тіркелді, деп хабаралады Полиция. 

Жетісу облысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылымға соғылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рөлде 65 жастағы зейнеткер болды. Ол Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, кілт бұрылыста трассадан ұшып кетті.

Салдарынна көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғылысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды. Жүргізуші түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық