USD
USD
USD

Жетісу облысында ауыл әкімі 9-сынып оқушысын көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысы Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова 9-сынып оқушысын қағып кеткен. Алайда ол уақытша ұстау изоляторына қамалмады, деп хабарлады журналист Сандуғаш Дүйсенова.

Жетісу облысында ауыл әкімі 9-сынып оқушысын көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2 қараша күні кешке Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан 9-сынып оқушысы Асыл Тұрсынбай оқиға орнында көз жұмды. Белгілі болғандай, көлікті Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Бақтиярова Әлия Маратқызы басқарған. Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері хаттама толтырғанымен, жол ережесін бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалмады», - деді Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің Hyundai Creta автокөлігін басқарғанын хабарлады.

«Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабында (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) көзделген қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тергеуді облыстық анықтау департаменті жүргізіп жатыр», - деп түсіндірді полиция.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар