USD
USD
USD

Жетісу облысында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Жетісу облысының халқы тікелей дауыс беру арқылы ауылдық округ әкімдерін сайлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жетісу облысында әкімдер сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. Көпшіліктің қолдауына ие болған кандидат алдағы төрт жыл бойы жауапты қызметті атқарады. Ескелді ауданына қарасты Нұрмолда Алдабергенов ауылының тұрғындары осымен екінші рет өздері қалаған адамды әкім етіп сайлауға мүмкіндік алды. Аталған әкімшілік аумақтағы додаға қатысуға үш үміткер тіркелген. Оларға үш мыңнан аса адам дауыс береді деп жоспарланып отыр. Жалпы мұндай сайлау өңірдегі алты ауданда он ауылдық округте өтіп жатыр. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, түске дейін сайлаушылардың 34 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгеріпті.

Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Барлығы 37 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 6 қазіргі әкімдер және 31 өзін-өзі ұсынған. 29 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 170 мыңнан астам адам енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған