USD
USD
USD

Жетісу облысында 84 жастағы әже құтқарылды

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Талдықорған қаласының Өтенай ауылындағы шыққан өрттен 84 жастағы әже құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жетісу облысында 84 жастағы әже құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай қызметкерлеріне өрт шыққаны туралы хабарлама 2023 жылғы 17 қараша күні сағат 15:56-да келіп түскен.

"Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін жұмыс уақытынан тыс кезінде, көрші үйде қонақта болған әскери полиция қызметкері кіші сержант Қанашев Ерлік Ерікұлы үйдің терезесінен қалың түтінді байқап, бірден сол жаққа бет алған. Жағдайды қысқа бағалағаннан кейін Е. Қанашев түтінге оранған үйге кіріп, 84 жастағы әйелді құтқарды. Әйелді құтқарғаннан кейін Е. Қанашев үйдің ішінен газ баллонын шығару үшін қайта оралып, осылайша жарылыстың алдын алды", - делінген хабарламада.

Сағат 16: 11-де ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 5 шаршы метр болған өртті толығымен сөндірді. Олардың айтуынша, өрт пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындаған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар