USD
USD
USD

Жетісу облысында 14 жасар қызға іздеу жарияланды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Жетісу облысында 14 жасар қызға іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жасар оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысып жатыр.

"Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған" деп мәлімдеді Талдықорған қалалық полициясынан.

Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.

Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр, сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы