USD
USD
USD

Жетісу облысынан тарихи ескерткіштер табылды

Археологтар Жетісу облысының Ақсу ауданында 30 шақты тарихи-мәдени ескерткіштің бар екенін анықтады, деп хабарлады «Хабар 24».

Жетісу облысынан тарихи ескерткіштер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Тау шатқалдарындағы петроглифтер кешені, обалар, көне тұрақтар шағын құрамдағы экспедиция кезінде табылды.

Петроглифтер кешені суреттердің көптігімен әрі жақсы сақталғандығымен ерекшеленеді. Көбіне онда жануарлар бейнесі мен аң аулау барысы сипатталған.

Археологтар Ақсу өзенінің аңғарынан 15 мыңнан астам петроглифті анықтаған. Олар қола дәуірінің соңғы кезеңі мен ХХ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

Экспедиция барысында көне тұрақтар мен обалардың да бар екенін белгілі болды. 2 жылдың ішінде археологтар 30 шақты тарихи мәдени ескерткішті тіркеген. Арасында дәуір сабақтастығынан сыр шертетіндері де бар.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама