USD
USD
USD

Жетісу мен Алматы облысы жолдарының 74 пайызы талапқа сай болмай шықты

Биыл Жетісу мен Алматы облысының жолдарынан алынған сынамалардың 74 пайызы нормативтік-техникалық талаптарға сай болмай шыққан.

Жетісу мен Алматы облысы жолдарының 74 пайызы талапқа сай болмай шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары екі облыстағы жолдарды 268 рет тексеріп, жалпы саны 1480-нен астам астам жол-құрылыс материалдарының сынамасын зертханаға әкелген. Мәселен Алматы облысындағы жолдар 130 рет тексеріліп 676 сынама алынған. Оның ішінде 239 сынама тиісті талаптарға сай келмейді. Ал Жетісу жолдары 138 рет тексеріліп 813 сынама алынған. Оның 531-інен ақау анықталды. 

«Суық асфальт жабынынан керндерді 15-30 күн ішінде алуға болады. Ал ыстық асфальт бетоннан сынама 1-3 күн ішінде алынуы керек. Қазавтожол және жергілікті атқарушы органдар бойынша жоспарланып алынған сынамалар бір рет зертханадан өтпеген жағдайда 28 күн ішінде регламент бойынша екінші рет алынады. Одан кейін регламент бойынша сынамалар талқыланбайды», – дейді «ЖАҰСО» РМК Алматы облыстық филиалы сапа және мемлекеттік есепке алу бөлімінің басшысы Руслан Қашқынбай.

Айта кетейік, жол құрылысы материалдарының 96 пайызы төселген асфальтбетон жабынынан іріктелген үлгілер. Тексеру нәтижесі бойынша облыстық, аудандық әкімдік өкілдеріне (әкімдердің орынбасарларына) жол-құрылыс материалдарының нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес келмейтін ақаулары мен ескертулері бар хаттарды бірнеше рет жолданды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар