Жетісу ауданының бюджеті үш есеге артты
Жетісу ауданының бюджеті 3 есеге жуық, 6,3 млрд. теңгеден 18,1 млрд. теңгеге дейін көбейді. Бұл штат санын 19 адамға, 36-дан 55-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.
Алматы, NEGE. Қаржыландыру көлемінің өсуі барлық аудан әкімдіктеріне жаңа функция беру аясында жүзеге асқан.
«Мәселен, децентрализациялау аясында Жетісу ауданының әкімдігі биыл 500 млн. теңге сомаға 30 мың м2 жолға ағымдағы жөндеу жүргізеді», - деді әкім.
1 сәуірден бастап Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне 15 функцияны берумен бірге бюджет те ұлғайған.
Сонымен қатар, Жетісу ауданында сумен қамту бойынша екі ірі жоба іске қосылады.
Маусым айында әкімдік инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 2 ірі жобаны басталады.
Біріншісі – Кемел шағын ауданында ұзындығы 75,6 км 33 көшеде сумен қамту және су бұру желілерін салу.
Екіншісі – ауданның 68 көшесінде 25,6 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және 72 км су бұру желілерін салу.
«Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар анықталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары маусым айында басталып, 2024 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады. Бұл жобалар ауданның 10 мыңнан астам абонентін сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді әкім. Сонымен қатар, биыл 11 км көше жарығы жаңартылады. Жартылай жарық орнатылған 101 көшеде жұмыс жүргізіледі.
Жетісу ауданында 22 көше орташа жөндеуден өтеді.
Жол төсемінің жай-күйі аудан тұрғындарын мазалайтын ең өзекті мәселе. Мұны қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде атады.
Биыл ауданда 18 көшедегі 22 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бұған қоса, ұзындығы 2,7 км болатын 10 учаскеде тротуарлар салынады. Жұмыс маусым айында басталады», - деді әкім.
Биыл Алматыда қосымша 600 жаңа автобус сатып алынады. Бұл тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін жасалады, деді әкім Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде.
«Жетісу ауданына қызмет көрсететін 14 маршруттағы автобустар саны 256-дан 281-ге дейін көбейеді. Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты басымдықтардың бірі. Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша биыл 56, 123 және 17 маршруттар «Құлагер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейін ұзартылды», - деді Алматы әкімі.
Жетісу ауданында жаңа бағдаршамдар пайда болады. Үш жаңа бағдаршам Солтүстік айналма көшесі – Боралдай көшесі, Солтүстік айналма көшесі – Постышев көшесі және Қазыбаев көшесі – Серіков көшесінің қиылысында орнатылады.
Айтуынша, қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, ал құрылыс жұмыстарының кейбірі жазда, қалғаны күзде аяқталады. Сонымен бірге, биыл 10 аялдаманы абаттандыру жоспарланған.
Алматы қаласының Жетісу ауданында жыл соңына дейін қосымша 750 камера орнату жоспарға енген. Бұл адамдар көп жиналатын жерлерде бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында жасалады.
Ол 2023 жылдың I тоқсанында 85 «Сергек» кешенін орнату аяқталып, аудандағы бейнекамералар саны 171-ге жеткенін атады.