USD
USD
USD

Жетісайлық бағбан табысын 5 миллионға арттырды

Түркістан облысы Жетісай ауданының бағбаны табысын 2500 теңгеден 5 миллион теңгеге дейін арттырған.

Жетісайлық бағбан табысын 5 миллионға арттырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Жұпарбек Керімбеков өз кәсібін үйінің жанындағы бау-бақшадан бастаған. Шаруа алғашқы кезде ауласындағы 15 сотық жерге қызанақ егіп, 1 қорабын 2500 теңгеден сатып келген.

«Бақшадан пайда тауып, кәсіп ашамын деп ойламаған едім. Кейін, уақыт өте келе үй іргесінен егістік жерге ауысып, диқаншылық жасауға көштім. Қазір баялдырдың өзінен 5 миллион теңге көлемінде пайда таптым. Құдайға шүкір, диқаншылықтың, еңбектің арқасында тұрмыстық жағдайымды жақсартып, бала-шағамды оқытып отырмын. Ерінбей еңбек етсең, жер ана жерге қаратпайды», – дейді жетісайлық диқан. Айта кетейік, қазір баялдырдың 1 келісі көтерме бағамен 270 теңге тұрады. Аталмыш бақша дақылы гектарына 25 тоннаға дейін өнім береді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон