USD
USD
USD

Жетісайлық әйел көршісінің 16 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған

Жетісайлық тұрғын көршісін Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беремін деп алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz..

Жетісайлық әйел көршісінің 16 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беретінін айтып, әбден сеніміне кіріп, жалпы 16 130 000 теңге ақшасын және 2 млн теңгелік алтын әшекейлерін алдап алып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші көрші болып шықты. Ол жәбірленушіден алған ақша мен әшекей бұйымдарды бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу