USD
USD
USD

Жетісайдың қарбызына сұраныс артуда

Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде орналасқан Қоғалы ауылының диқаны Леонид Шин өз иелігіндегі 2 гектар жерден 25 тонна өнім алған.

Жетісайдың қарбызына сұраныс артуда
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Пленка астындағы ерте пісетін қарбыз еккен ол жиын-терім жасап, өнімді Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр. «Наурыз айының басында 55 күнде пісетін «Виктория» атты қарбыз сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кезде өнім далада қалмаса екен деп аздап уайымдадым. Сәтін салып, бәрі ойдағыдай болды. Сатылым бағасы да көңілімнен шықты»,- дейді шаруа. Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде, 14 378 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген. Аудан бойынша қазіргі таңда 50 гектар аумақта қарбыз бен 15 гектар егістікте қауын пісуге жақын.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық