USD
USD
USD

Жетісайда коронавирустан қайтыс болған науқастың әйелі індет жұқтырды

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. Өңірдегі шалғай орналасқан Жетісай ауданында 20 адамның осы індетке шалдыққаны анықталып отыр.

Жетісайда коронавирустан қайтыс болған науқастың әйелі індет жұқтырды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар штабының мәліметінше, соңғы тәулікте Жетісай ауданының Асық ата ауылында 1980 жылы туған тұрғынның қауіпті вирусты жұқтырғаны расталған. Ол COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. Сондай-ақ, Жетісай қаласының 1956 жылы туған азаматшасынан коронавирус инфекциясы анықталған. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай қаласының тұрғынының жұбайы екені белгілі болған. Қазіргі таңда облыс бойынша тоғыз аудан-қалада коронавирус жұқтырған науқастар ем қабылдауда.

«Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін 1956 жылы туған науқас 4 сәуір күні қайтыс болған еді» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Қанат Бозымбаев

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова