USD
USD
USD

Жетісайда коронавирус жұқтырған науқас Нұр-Сұлтаннан келген

Түркістан облысында індет жұқтырған науқас Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақашасында жария етті. 

Жетісайда коронавирус жұқтырған науқас Нұр-Сұлтаннан келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәкен Қалқамановтың хабарлауынша, шалғай ауданның тұрғыны өңірге Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен келген. «Коронавирус жұқтырған азамат 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағанды қаласына тоқтаған. Алты сағат вокзалда отырған ол ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға 22 наурыз күні сағат 6:00-де отырған. 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен. Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан.

Әзірге анықталғаны - науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам - Жетісай қаласының тұрғындары» делінген парақшада. Айта кетейік, Түркістан облысында бүгін коронавирус жұқтырған науқас анықталғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді