USD
USD
USD

Жетісайда 5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы құлыптаулы көлікте қалдырып кеткен

Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісайда 5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы құлыптаулы көлікте қалдырып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ бөпенің жалғыз қалып, сыртқа шыға алмай қалғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалардың ата-аналары анықталып, жауап алынды. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар тек диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін кеткенін жеткізген. 

Бұл аралықта 10 минут шамасында уақыт өткенін көрсеткен. Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда нәресте мен жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры