USD
USD
USD

Жетісай тұрғынының ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіленді

Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай тұрғынының ауласынан 3 мың түп көкнар тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алған жетісайлық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты жеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның үйінің ауласынан 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша алынған өсімдік көкнәр болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер