USD
USD
USD

Жетісай тұрғыны бұрынғы күйеуінің ақшасын ұрлап кеткен

Жетісай тұрғыны экс-жұбайының ақшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай тұрғыны бұрынғы күйеуінің ақшасын ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен ақша ұрланғанын жеткізді. Ер адамның айтуынша, жатын бөлмесіндегі шкаф ішінде тұрған 100 мың теңге ақшасын белгісіз біреу жымқырған.

Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар сезікті “ізін суытпай” анықталды. Ол жәбірленушінің бұрынғы әйелі болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті әйел экс-күйеуінің үйіне қонуға кеткен қызын алып кетпек болып, кешкілік үйіне барған. Сол уақытта оның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, шкафта тұрған ақшаны алып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов