USD
USD
USD

Жетімдердің есепшотынан ақша жымқырқан алаяқ кім?

Тараз қаласында балалар үйінің түлегі алаяқтық әрекетпен ұсталды.

Жетімдердің есепшотынан ақша жымқырқан алаяқ кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараз қаласындағы Жасөспірімдер үйінің түлегі алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тараз қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі алаяқтықтың бес фактісін жасады деген күдікпен 25 жастағы әйелді ұстап, уақытша изоляторға қамады. Күдікті пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен үш миллионнан алты миллион теңгеге дейінгі соманы иемденген.

«Күдікті облыстық жасөспірімдер үйінің түлегі бола тұра, осы мекеме түлектерінің шотынан мемлекет тарапынан жылжымайтын мүлік сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты қолды қылуға қатысқан. Тараз қаласы ПБ тергеушілері әр қылмыстың мән-жайын және күдіктінің кінәсінің дәлелдерін анықтау жолында аянбай еңбек етеді» делінген ведомтсво хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль