USD
USD
USD

Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақыға өтінішті онлайн бере алады

eGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға электронды өтініш беруге болады, деп хабарлады ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақыға өтінішті онлайн бере алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызметті алу үшін пайдаланушы «Отбасы» бөлімінің «Қамқоршылық, қорғаншылық, қолдау» бөлігінде «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау» қызметін таңдауы керек. Содан кейін өзіңіз туралы мәліметтерді және жәрдемақы келіп түсетін банктік шотты енгізіңіз. Сосын бала туралы мәліметтерді көрсетіп, электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінішке қол қою қажет. Өтініште баланың табысы туралы ақпарат, яғни мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді, алименттерді, баланың мүлкінен табуға болатын кіріс туралы мәліметтерді көрсету қажет. Егер сұраныс сәтті орындалса, жәрдемақы тағайындау туралы шешім пайдаланушының жеке кабинетіне 1 жұмыс күні ішінде келіп түседі. Көрсетілетін қызметке мына сілтеме арқылы кіре аласыз.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай