USD
USD
USD

Жетім балаларға арналған мектептің директоры төрт жылға сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі 12 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша ШҚО жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын хабарлады.

Жетім балаларға арналған мектептің директоры төрт жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «А.Базарханова 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақша қаражатын ұрлап, сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырған. Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегендері үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаны есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған», – делінген мәліметте.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, А.Базарханова өзінің танысына қарызды қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алып, 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған. Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы оның өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, А.Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия