USD
USD
USD

Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және орталығында желдің екпіні –15-20 м/с. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні –15-18 м/с. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шаңды дауыл соғады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні –15-20 м/с. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы