USD
USD
USD

Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен. 

Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 20 желтоқсанда Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15 м/с», – делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 20 желтоқсанда қар жауады, жаяу бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с.

«Шығыс-Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 20 желтоқсанда Өскемен қаласында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 20 желтоқсанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 20 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с», – делінген хабарда.

20 желтоқсанда түнде Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

«Шымкент қ.: 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. 20 желтоқсанда Қызылорда облысында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ сақталады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с сақталады», – деді синоптиктер.

Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын, күндіз кей жерлерінде қатты (көбінесе қар). Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: түнде 20 желтоқсанда қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-100%.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама