USD
USD
USD

Жеті облыста боран ұйытқиды

5 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында қолайсыз ауа-райына байланысты ескерту жарияланды.

Жеті облыста боран ұйытқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің секундына екпіні кей жерлерде 15-20 метрді құрайды.

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан қатты боран тұрып, күндіз борынның екпіні – 23 м/с болады деп күтіледі. Қостанай облысында кей жерлерде қар бұрқасындатып, тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боран екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде қар бұрқасындатады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боранның күші – 15-20 м/с құрайды. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, қар бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейеді түседі деп болжанады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 15 қаңтарда – күндіз, 16 қаңтарда да қатты боран тұрады: 23-28 м/с.

Таразда 15-17 қаңтар аралығында тұман түседі, ал 16-17 қаңтарда көктайғақ болады деп күтіледі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.

15-16 қаңтарда Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с құрайды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай