Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жетекші инфекционистің өзі психосоматикаға берілген

Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева коронавирус инфекциясы өзіне қалайша психологиялық тұрғыда әсер еткенін айтты.

Жетекші инфекционистің өзі психосоматикаға берілген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен аптада мен жағдайы ауыр бір баланы көрдім. Алайда оның коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын мүлде ойламадық та. Себебі ата-анасы ешкіммен байланыс болмағанын алға тартты. Алайда баланың жағдайы шынында да ауыр еді. Ақыры тесттен өткізіп, оның шынында да коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны расталды», – деді Динагүл Баешева.

Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері баладан коронавирус расталғаннан кейін өзі де қатты үрейленіп қалғанын жасырмады.

«Мен коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаныма жүз пайыз сенімді болдым. Дене қызуым көтеріліп кетті. Буындарым қақсай бастады. Таныстарымның бәріне қоңырау шала бастадым. Бірақ ақыры ақылға келдім. Қайтадан ыстығымды өлшесем +36,7 градус болып тұр екен. Таң қалдым. Сөйтсем бұл психосоматика екен. Сол себепті «бізді аурудан бұрын үрей мен байбалам өлтіреді-ау» деген ойға келдім», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді