USD
USD
USD

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтіргендерге сот үкімі шықты

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Милана Давыдованы айуандықпен өлтіру ісі бойынша үкім шығарды.

Милана Давыдова
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қыздың анасы қылмысқа сыбайлас болғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Сотталғандар өз кінәларын мойындамады.

«Сотталушылардың әрекеттері аса ауыр қылмыстар санатына жатады және негізгі жаза ретінде 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Әбілдинов қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды аса қатігездікпен өлтіру» бабы бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қауіпсіздігі жоғары мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды», – деді судья Нұрлан Қайырбеков.

Сондай-ақ ер адам алкогольге тәуелділіктен емделетін болады.

Қылмыстық кодекстің 46-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы әйелдерге тағайындалмайтындығына байланысты, сот әйелге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

«Давыдоваға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарылды», – деді СМУ судьясы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін бірден айыпталушы наразылық белгісі ретінде өзіне зақым келтірген.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

мұнай