USD
USD
USD

Жеті баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ол интернет арқылы Қытай, Түркия және Ресейден тауарларға тапсырыс қабылдаған.

көпбалалы ана
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE Қарағандыда жеті баланың анасы 50 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады Astana TV. 

«Көпбалалы ана интернет арқылы Қытай, Түркия және Ресейден тауарларға тапсырыс қабылдап, оларды арзан бағамен сатуды уәде еткен. Ұсынылған тауарлар қатарына жиһаз, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, тіпті, автокөліктер де кірген», – деп жазылған хабарламада.

Көліктерді 5-6 миллион теңгеге сатып алуға уәде берген ол, ақшаны алғанымен, тапсырыс берушілерге тауарларын жеткізбеген. Бұл жағдай зардап шеккендердің полицияға жүгінуіне себеп болды.

«Біз тамыз айында көлікке тапсырыс бердік. Ол қарашада көлік келетінін айтты. Тіпті, көліктердің келе жатқанын дәлелдейтін видео жіберді. Бірақ кейін байланысқа шықты да, бізді алдады деп кешірім сұрады. Ол ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, тек шағын сомаларды бөліп қайтарды», – дейді зардап шегуші Юлия Варавина.

Полиция бұл іс бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағандыдағы жалпы шығын 50 миллион теңгеден асқан. Құқық қорғау органдары зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сот көпбалалы ананы екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Күдікті сотта өзінің де алаяқтық құрбаны болғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.