USD
USD
USD

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жергілікті қамтуды дамыту, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері қаралды.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. 2021 жылдың 9 айында жергілікті қамтудың өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 %-ды құраған. Яғни, 51,9 %-дан 58,3 %-ға артып отыр. Қарапайым заттар экономикасының 7 саласы бойынша (машина жасау, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия және тамақ өнеркәсіптері) жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын іске асыруда, жергілікті қамтудың үлесін қадағалау бойынша барлық өңірде тиісті комиссиялар құрылған. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бұл орайда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі әкімдіктерге жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді, олардың қызметіне өңірлік бизнес өкілдерін барынша тартуды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек