USD
USD
USD

Жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керек

 Жер пайдаланушылардың кім екенін жердің нақты иесі – халық білуі шарт. Бұл туралы Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев айтты. 

Жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керек
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жер шетелдіктерге берілмесін деп дабыл қағып жүргенде, қазіргі жер пайдаланушылардың Қазақстан резиденттігінен шығып, шетел азаматтығын алып жатқанын байқамай қалдық. Өкінішке қарай, фактілер бар, жақын арада тиісті материалдарды комиссия назарына ұсынамыз. Шетел азаматтығын алып жатқандар қолда бар мыңдаған гектар жер телімдерін банкке кепілге қойып, қыруар ақша алып, кейін қайтара алмай, шетелге қашып кетпеуіне кім кепіл? Заң кері күшіне ие бола алмайды деген кертартпалықты қойып, тиісті механизмдерді қарастырған абзал», – деді Ж. Дайрабаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында. Сонымен бірге, қауымдастық төрағасы жерді жалға алғандардың ашық тізімі болуы керегін айтты.

«Тіпті, жер пайдаланушы заңды тұлғалардың құрылтайшыларының кім екенін, қай жердің азаматы екенін жердің нақты иесі – халық білуі шарт. Президентіміз халыққа жасаған соңғы Жолдауында қоғамдық бақылау рөлін күшейту керек деп қадап айтты. Сондықтан «Елдің көзі – елу» деген принципті жер мәселесіне де пайдалануымыз керек», – дейді спикер. Бұған дейін Ж. Дайрабаев жердің атадан балаға мұра болуын қамтамасыз етуді ұсынған еді. Айта кетейік, бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы жұмысын бастады. Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook парақшасында онлайн көрсетілуде.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар