USD
USD
USD

Жерде магнит толқуы басталды

Жексенбі күні Жердің магнитосферасында магнит толқуы басталды. Ғалымдардың айтуынша, магнит толқуы өте әлсіз, - деп хабарлайды Риа Новости.

Жерде магнит толқуы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Толқудың пайда болуына 28 қазанда Күнде болған күшті Х жарқылы әсер еткен. Болжам бойынша, ол дүйсенбі күнінің жартысына дейін жалғасады. 

Физика институтының Күн астрономиясы рентгендік лабораториясы сайтында көрсетілгендей, толқу өте әлсіз, G1 деңгейінде екен. 

Лаборатория қызметкерлерінің айтуынша, мұның әсерінен энергетика жүйесінің қорғанысында жалған сигнал берілуі мүмкін, ғарыш құрылғылары аз қуат жинағандықтан, орбитадан шығып кетуі ықтимал екен.

Сонымен қатар спутниктік навигация мен төменжиілікті радионавигация жұмысында үзілістер болып, жоғары жиілікті радиобайланыста кедергілер орнауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық