USD
USD
USD

Жерасты өткелінде бұзақы бір қызды зорлап кеткен

Алматыда жерасты өткелінде белгісіз біреу 23 жастағы қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды

Жерасты өткелінде  бұзақы бір қызды зорлап кеткен
Фото: NEGE.kz

tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті қалалық полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желілерде Ақкент ықшамауданында қызға шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Instargam парақшасындағы мәліметке сүйенсек, белгісіз біреу қызды зорламақ болған.

"23 жастағы қыз жерасты өткелінен өтіп бара жатқан. Бір сәтте бір ер адам қызды сүйреп алып, қылқындырып, ұрып-соғып, артынша зорлаған. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Бұл өткелде бірде-бір камера жұмыс істемейді екен. Бұл үшін кім жауап береді?", - дейді видео авторы.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы мен күдіктіні анықтау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Сот-медициналы сараптама тағайындалды, нәтижесін күтіп отырмыз. Барлық кешенді іс-шара жүріп жатыр. Кінәлі адам анықталып, Қылмыстық кодекс бойынша қатаң жазаланады", - деді полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu