USD
USD
USD

Жер шарындағы ең бай адамның бір күні

Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адам Джефф Безос күнделікті не істейтінін, маңызды шешімдерді қалай шығаратынын жазды, - деп жазды Ladbible басылымы.

Жер шарындағы ең бай адамның бір күні
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Amazon интернет компаниясының негізін қалаушы, Blue Origin аэроғарыш компаниясының және The Washington Post иесі Джефф Безос өзінің Invent and Wander кітабында сегіз сағат ұйқыға қатты мән беретінін атап өтті.

«Мен түрлі сағат белдігінде саяхаттап жүрмесем, ұйықтар едім. Кейде сегіз сағат ұйықтау мүмкін емес, бірақ мен бұған қатты мән беремін. Сегіз сағат ұйықтағаннан кейін ойлауым жақсарады. Энергиям көбейеді және көңіл-күйім жақсарады», – деп жазды 56 жастағы миллиардер.

Сондай-ақ ол бизнесте қалай шешім шығаратынын айтып берді. Ол сан емес, сапаның маңызды екенін атап өтті және жоғары лауазымдағы адамдарға аз, бірақ сапалы шешім шығарғаны үшін көп ақы төленетінін айтты.

Оның айтуынша, ол маңызды шешім шығарардың алдында 17 рет анализ жасайды. Бірақ жеңіл тапсырмаларды шешкен кезде мұндай әдіс тиімсіз, себебі ірі компанияларда барлық шешім керек емес ауыр процестен кейін шығарылады деп есептейді.

Әлемдегі ең бай адамның қолы қанша бос болмаса да, ол отбасы үшін уақыт табады.

«Мен таңертең газет оқығанды, кофе ішкенді ұнатамын. Балаларым сабаққа кеткенше бірге таңғы ас ішкенді жақсы көремін. Сондықтан менің уақытым – мен үшін өте маңызды», – деп бөлісті ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy