USD
USD
USD

«Жер сағаты»: Акцияға дүниежүзінің 180 мемлекеті қатысты

  Өткен түнде күллі әлем экологиялық акцияға атсалысты. Бұл бастамаға Қазақстан да қолдау көрсетті.

«Жер сағаты»: Акцияға дүниежүзінің 180 мемлекеті қатысты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тіпті елордада 150 тұрғын үй кешені үндеуге үн қосыпты. «Астана-Арена», «Алау» мұз айдыны, «Барыс Арена», «Мәңгілік ел» монументі, «Нұр Әлем» сферасы секілді көптеген ғитмараттар да кешкі 20:30-да жарықтарын сөндірді. Дүниежүзінің 180 мемлекетінде электр қондырғылары мен сыртқы жарықты бір сағат бойы тұтынудан бас тартып, әлемнің дұрыс тыныс алуына мүмкіндік тудырды.

Кремль мен Биг-Бен, Эйфиль мұнарасы мен Колизей де 60 минут бойы қараңғы тартты. 2007 жылы Сиднейде басталған салт-дәстүрге айналғандай. Мысалы, 2008 жылы «Жер сағатын» 35 мемлекет қолдап, 400-ден астам қалада бір сәтте жарық сөнсе, келесі жылы 74 мемлекет әлгі бастамаға қолдау көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті