USD
USD
USD

Жер планетасының құны қанша?

Астрофизиктің айтуынша, Жер Күн жүйесіндегі ең қымбат ғаламшар екен.

Жер планетасының құны қанша?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Санта-Крузда орналасқан Калифорния университетінің астрофизигі Грег Лафлин өз формуласын құрастырып, соған сәйкес Жер планетасының құнын есептеп шығарған. Оның есебінше, адамдар өмір сүретін ғаламшар 5 квадриллион доллар тұрады. Бұл туралы Mail Online хабарлайды. Өзінің есебінде ғалым Жердің массасын, температурасын, жасын және өмір сүруге мүмкіндік беретін өзге де көптеген факторды пайдаланған. Осылайша Жер Күн жүйесіндегі ең қымбат ғаламшар атанған. Мысалы, Марстың құны 16 мың долларға тең екен. «Қызыл ғаламшардың құнының дәл осындай төмен болуы онда өмір сүруге ешбір жағдайдың жоқтығымен байланысты», – дейді Лафлин. Ал Шолпанның бағасы небәрі бір цент қана. Астрофизиктің пікірінше, құны 80 млн доллардан кем тұратын планеталарды адамдарды көшіруге болатын ғаламшар ретінде қарастырудың да қажеті жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy