USD
USD
USD

Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске түзетулер енгізіледі

Заңнамаға геологиялық саладағы рәсімдерді жақсартуды және оңайлатуды көздейтін тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.

Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске түзетулер енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің және жалпы табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімділігін арттыру қажет. Заңнамаға геологиялық саладағы рәсімдерді жақсартуды және оңайлатуды көздейтін тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұл салаға инвестиция тарту – өте маңызды мәселе. Индустрия, Сыртқы істер, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске тиісті түзетулер әзірлеуі керек», - деді Ә. Смайылов Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде.

Бұдан бөлек Үкімет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін агробизнес субъектілеріне арналған қолдау құралдарын жетілдіруді жеделдету қажет екенін айтты.

«Жеке қосалқы шаруашылықтардың дамуына жеңілдікпен несие беруді көздейтін «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы тапсырмалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алуы керек», - деді Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе