USD
USD
USD

Жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылды

Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы 5 мемлекеттік қызмет онлайн режимге ауыстырылды.

Жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, енді «Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учаскесіне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттік қызметтер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады.

Қазіргі таңда барлық қажетті нормативтік-құқықтық акті тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп, қызметтер egov.kz порталында тестілеуден өтіп жатыр. Нормативті актілер күшіне енгеннен кейін кез келген азамат бұл қызметтерді онлайн түрде сұрата алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Мәди Садановтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтерді алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленіп келген. «Жер бойынша көрсетілетін қызметтердің көп бөлігі тек қағаз түрінде және қызмет алушының мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне тікелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуірінде тұрғылықты жерге байланып, қызметтің нәтижесін бірнеше күн, тіпті бірнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан біз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердің көрсетілу мерзімін қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкіндігі оларды тұрғылықты жеріне қарамастан әлемнің кез келген жерінде отырып алуға жол ашады. Басты талап – электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы», – деді Мәди Саданов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей