USD
USD
USD

Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы 188 ғимаратта жарықшақ пайда болған

23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін Алматыдағы 188 ғимаратта сызат пайда болғаны туралы арыз түскен. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп жазды 24.kz сайты.

Жер сілкінісі
Фото: freepik

Алматы, NEGE. «Аудандық әкімдіктердің жанынан құрылған комиссия ол нысандардың барлығын аралап шыққан. Оның айтуынша қабырғалардағы жеңіл жарықшақтар ғимараттың беріктігіне әсер етпейді. Адам өміріне қауіп төндірмейді. Оларды ағымдағы жөндеу арқылы қалпына келтіруге болады»,– дейді Асқар Әмрин.

Жуық арада Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары 188 ғимараттың барлығына сараптама жасап, ресми қорытындысын жариялайды.

«Барлық жеке көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі сызат пен жарықшақ жеке қаражат есебінен жөнделеді. Ал қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына кіретін ғимараттарға бекітілген тәртіп бойынша бірінші кезекте қаражат бөлінеді. Сол қаражатқа ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі» – деді қала әкімінің орынбасары.


Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен