USD
USD
USD

Жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық өндірушілерден тауар сатып алуға міндеттеледі

Тауарлардың шыққан елін анықтау мәселелері бойынша түзетулер аясында депутаттар квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар субъектілері, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар үшін қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жаңа міндеттемелер енгізуді ұсынып отыр.

Бизнес
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Жер қойнауын пайдаланушылар үшін лицензиялау шарттарын қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша ішкі құндылықты дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі міндеттемелермен толықтыру ұсынылады. Сондай-ақ саланы дамытуға бағытталған келісімдерді жоспарлау және жасасу рәсімдерін жүзеге асыру қарастырылған.

Мұндай компаниялар ақпараттық жүйеде белгілі бір тауарларды сатып алуға қажеттіліктерін орналастыруға міндетті болады. Яғни, осы тетік арқылы квазимемлекеттік сектордағы компанияларға, табиғи монополиялар субъектілеріне, жер қойнауын пайдаланушыларға тауар жеткізгісі келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері олардың сатып алуларына басымдықпен қатысу арқылы өз өнімдерін жеткізе алады.

Талаптар жасалған күніне қарамастан, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған барлық қолданыстағы келісімшарт пен лицензияларға қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты

сот үкімі

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС