USD
USD
USD

Жеңістің 80 жылдығы: парад алаңына атақты «Катюша» мен Т-34 танкі шықты

Парад кезінде әскери техника үлгілері, сондай-ақ Екінші Дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс жолында армияның негізгі қаруы болған техника үлгілері көпшілік назарына ұсынылды, деп жазды Kazinform.

а
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. Алаңнан соғыс кезінде ең көп шығарылған әрі аса танымал болған Т-34 танкі мен танымал БМ-13 («Катюша») реактивті артилеррия машинасы жүріп өтті. «Т-34» танкі — Екінші дүниежүзілік соғысының аңызы. Қарапайым әрі сенімді, ұрысқа кірген алғашқы сәттен бастап ол теңдесі жоқ сапасын көрсетті. Соғыс жылдарында 30 мыңнан астам «Т-34» танкі шығарылды. Бұл жауынгерлік қасиеттері бойынша фашистік Германияның орташа танктерінен асып түсетін танк болды. Т-34 Ұлы Отан соғысының бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін абыроймен өтіп, Жеңістің символына айналды. Ал реактивті артиллериясының «БМ-13» жауынгерлік машинасы «Катюша» деп аталды. Оның ұтқырлығы мен өрістету жылдамдығы жедел артиллериялық қолдауды қамтамасыз етті. Бұл «Катюшаны» майдан даласындағы таптырмас қару етті.

Реактивті жүйе тек техникалық жетістікке ғана емес, сонымен қатар сарбаздардың жауынгерлік рухының символына айналды. «Катюша» жеңіс тарихында айтарлықтай із қалдырды.

Одан соң сол кезеңдегі ЗИС-2 зеңбіректері мен М-30 гаубицалары көрсетілді. Бір кездері ЗИС-2 зеңбірегі танкке қарсы ең қуатты қару ретінде танылды. Соғыс кезінде ол «Тигр» ауыр танктеріне қарсы қолданылды.

«ЗиЛ-157» техникасына орнатылған 122 мм калибрлі «М-30» шынжыр табанды артиллериялық қондырғы да парад кезінде жүріп өтті. 1930 жылдары жасалған «М-30» Кеңес Армиясының жеңісінде маңызды рөл атқарды. Сол жылдары «М-30» 14 шақырымға дейін атыс жүргізе алды, бұл жаудың бекіністі позицияларына соққы беруге мүмкіндік беріп, қарсы шабуылдарға мүмкіндіктер ашты.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей